Берік Имашев әкімдерді сайлауға дайындық барысын президентке баяндады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады.
Кездеск барасында Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндады.
Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша президент Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Қаз
Рус






