"АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМСІЗДІК ӨСТІ": НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БЕЙНЕҮНДЕУ ЖАСАДЫ

354

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақорда прессБоао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде соңғы жиырма жыл ішінде тек Азияның ғана емес, бүкіл әлем дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды халықаралық алаң ретінде қалыптасқан Боао форумы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Елбасының айтуынша, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі күнделікті шындыққа терең өзгерістер енгізіп, халықаралық қоғамдастық үшін бірқатар елеулі саяси, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сын-қатерлерді әшкереледі. Сонымен бірге дағдарыс адамзатқа қоршаған шындыққа жаңа көзқараспен қарауға және бүгінгі күні өзі үшін бірнеше маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.