Солтүстік Корея АҚШ-пен соғысуға дайын – Ким Чен Ын

567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Солтүстік Корея АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа дайын. Бұл туралы КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Корей мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде Ким Чен Ын Оңтүстік Корея армиясы КХДР-ға шабуыл жасауға әрекеттенсе, «көзі жойылатынын» айтты.

«Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізбен соғысуды ойласа және олар біздің әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір әскери құралдар немесе әдістер негізінде бейтараптандыруға немесе жоюға болатынына сенсе, олар қателеседі», - деді КХДР басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ-тың экс президенті Дональд Трамп АҚШ КСРО-ның тағдырын қайталауы мүмкін екенін мәлімдеген.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.