ОБЛЫС ӘКІМІ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

136

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіБүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзаде Саберді қабылдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Кездесу барысында Иран мемлекетімен ынтымақтастықты кеңейту және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.


Биыл екі ел арасындағы ашық және сенімді дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.


Иран Республикасы әлемдегі ең ірі жүгері импорттаушы мемлекеттердің бірі ретінде жыл сайын шамамен 4 млн. тонна жүгеріні сырттан сатып алуда. Осы ретте, облыс аумағында ирандық әріптестермен бірлесіп жүгері өсіру және Иранға экспорттау мәселелері талқыланды.


Бұған қоса, нарықты ішкі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ирандық тәжірибемен жеміс-жидек және көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешендерін салу мүмкіндіктері де айтылды.


Сондай-ақ, аймақ басшысы ирандық кәсіпорындарды мал өсіру және ет өндеу бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырып, ашық әрі тиімді байланыс орнатуға дайын екендігін жеткізді.


Кездесу соңында облыс әкімі Иран Ислам Республикасының Елшісіне екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.