Тоқаев Google-да жұмыс істеп жүрген қазақ қызына қызмет ұсынды

400

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақорда прессҚасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары кезінде Google-да қызмет ететін қазақ қызы Арай Сабыржанмен кездесті, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты.


«2017 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (Алматы қаласы) компьютер саласынан «бакалавр» дәрежесін алдым. 2017 жылы Сан-Францискоға келіп, біраз стартап компанияларда жұмыс істедім. Қазіргі күнде Google компаниясында виртуалды машиналардың бағдарламашысымын», - деді А.Сабыржан Нью-Йоркте Мемлекет басшысымен кездесуде.


Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясымен келісімшарты қандай мерзімге жасалғанын сұрады. Жас дарын келісімшарт толық мерзімге жасалғанын мәлім етті.


Әңгіме барысында ҚР Президенті оған Қазақстанға қайтып келуді ұсынды.

 

«Америкада жақсы, бірақ Қазақстан деген керемет қой. Мен ойлаймын, сіз Қазақстанда да істей аласыз», - деді Мемлекет басшысы.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.