Президенттікке үміткер болуға қойылатын талаптар белгілі болды

567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Орталық сайлау комиссиясыОрталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенті үміткерлеріне қандай талаптар қойылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенті үміткерлеріне заң қандай талаптар қоятынын атады.


Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматы болу;
  • Кейінгі 15 жылда ҚР аумағында тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.


"Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі", - дейді Петров.


Ол бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңге екенін түсіндірді. Сайлау жарнасы кандидатқа, егер ол лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың барлығынан кемінде 5 пайыз алса, қайтарылады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.