Қызылордада 20 жастағы жігіт Сырдария өзеніне батып кетті

1 344

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жас жігіт Сырдария өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 29 маусым сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданы 102-ші разьезд тұсында болды.


Төтенше жағдайлар қызметіне 20 жастағы бозбаланың сол аумақтағы Сырдария өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті.


«Аталған шақырту бойынша Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінен 4 құтқарушы, бір техника, үрлемелі қайық және 2 жинақ сүңгуір жабдығымен жұмылдырылды. Суға батқан азамат 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылында тұратыны белгілі болды. Жас жігіт «Болашақ» университетінің екінші курсында оқып жүрген. Сүңгуірлер 22.35-те іздестіру жұмысын аяқтады. Бұл жолы ешқандай нәтиже болған жоқ. Бүгін, 30 маусым күні 4.35-те іздестіру жұмыстары қайта жалғасты», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 16 адам суға кеткен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.