Қызылордада кене шаққан ер адам көз жұмды

1 609

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шиелі ауданында тұратын 51 жастағы азамат дене қызуы көтеріліп, Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыр жағдайда жатқызылған.


«Науқаста іш өту, құсу, бұлшық еттері мен басының ауыруы, бүкіл денесіне гемморрагиялық бөртпе, иньекция орындарында гематома, көгерулер байқалған. Науқаста айқын интоксикация, бұлшық етке салынған иньекция орындарында көгеру, геморрагиялық бөртпе, жгут симптомы болған. Осыған байланысты науқас дереу оқшауланды. Оған «Конго-Қырым қанды безгегі, ықтималды жағдай» диагнозы қойылды. Науқастың сиыр сойғаны және денесінен 3 кене алынғаны анықталды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқастың жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.


Ведомство мәліметінше, жыл басынан облыста Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығуы ықтимал 23 науқас тіркелген. Олардың арасында 8 жағдай нақтыланып, аудандар бойынша Сырдария, Қармақшы, Шиеліде - 1, Жаңақорғанда - 4, Қызылорда қаласында 1 жағдай есепке алынған. Жаңақорған мен Шиелі аудандарында 2 адам көз жұмған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.