Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен жедел мәжіліс өтті

1 348

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы мәселелерге байланысты жедел мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Аймақ басшысы құрылысы басталған бірқатар нысандардың пайдалануға беру мерзімі кешіккенін, құрылысы аяқталмағандарының саны артқанын айтты. 


«Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 53,7 млрд.теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 54,9 пайызға артқан. Оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен 46 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде өңірімізде 61 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың уақытылы әрі сапалы жүргізілуі – өзекті мәселе. Бюджет есебінен басталған әрбір нысанды тапсырыс беруші болсын, мердігер болсын, мерзімінде әрі сапалы аяқтауға барлығымыз міндеттіміз», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Жиында құрылысы баяу жүргізілген нысандар, сонымен қатар инженерлік-коммуналдық желілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мерзімінде аяқталмаған жобалар бойынша шұғыл түрде шара қабылдау тапсырылды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.