Қызылорда облысында жоғалған қыздың мәйіті каналдан табылды

782

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жоғалған қыздың денесі каналдан табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Қармақшы аудандық ПБ-ға Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түскен. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы кеше кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген.


Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды.


Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті «Үбіс» каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.