Көшеде жанжалдасып, қарсыласын жарақаттаған қызылордалық ұсталды

2 385

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада қолы қанға былғанған азамат жедел басқару орталығының бейнекамерасына түсіп қалды, - деп хабарлады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


18 қыркүйек күні таңғы сағат 06:00 шамасында қала көшелерінің бірінде екі азамат өзара жанжалдасып қалған. Олардың бірі екіншісіне үшкір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.


«Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнекамераларын қарау барысында күдікті азамат анықталды. Қолы қан болған күйде қашып бара жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Сол аймаққа патрульдік полиция қызметкерлері барды. Олар бұрын сотты болған 32 жастағы облыс тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.



Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешкайда кетпеу  туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.