Қызылордада 90 отбасы кәріз суы басқан көпқабатты үйде тұрып жатыр

1 211

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі 90 отбасы көктемнен бері айналасын кәріз суы басқан көпқабатты үйде тұрып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.


Тұрғындар мұндай жағдайға түсуге шенеуніктердің шикі тірлігі себеп болғанын айтты. Қайта жаңғырту жұмысы кезінде салынған өте тар кәріз құдықтары тез толып, қалдық су жарты тәулікке жетпей далаға жайылады. Соның кесірінен өз үйлерінен шыққан лас судың иісіне өздері тұншығып отыр.


Тұрғындардың айтуынша, лас су санаулы сағат ішінде кәріз құдығының ернеуінен асып кетеді. Кейін далаға жайылып, жағымсыз иіс шығады. Көлкіген кір суды сорып шығаратын көлік бірде келсе, бірде келмей әбігерге салады.


"Екі септик қойып кеткен. Бізге орталық кәріз жүйесін қосу керек. Үйге келгенде тереземізді аша алмаймыз. Үйіміз сасып кетеді. Балаларымыз сасық иістен уланып, ауырып жатыр", – деді үй тұрғыны Гүләйым Байманова.


Ал Қызылжарма ауылының әкімі кәріз құдықтары уақытша ғана орнатылғанын айтты.


"Осы тұрғын үй мен әскери бөлімге орталық кәріз жүйесі қосылады. Ол жұмысты биыл бастап үлгереміз деп айта алмаймын. Келесі жылға мердігер анықталса, жасап беретін болады", – деді Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.