9 қап марихуанамен ұсталған қызылордалықтар сотталып кетті

1 282

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

9 қап марихуанамен ұсталған 2 қызылордалыққа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


2 қызылордалық Toyota Camry 40 көлігімен Арал ауданына мал сатып алу үшін жолға шыққан. Олар Самара – Шымкент тасжолымен жүріп бара жатып, көліктің күндізгі жарық шамдарын жақпаған. Осылайша, полицейлердің көзіне түскен.


Тәртіп сақшылары автомобильді тоқтатып, оның техникалық тексеруден өтпегенін анықтаған. Көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм болатын 9 қап марихуана табылды.


Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. 


Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.