Қаскелеңде мопед жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып мерт болды

265

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қаскелең қаласына кіре берістегі тас жолда кісі өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды.

Жол апаты 20 шілде күні кешке орын алған.


 Zaz Vida көлігі тас жол бойымен шығыс бағытқа қозғалған.

 Жүргізушінің айтуынша, қиылысқа жақындаған кезде қарсы бағытта келе жатқан көліктерді жіберіп, бұрылуға әрекет жасаған.

 Алайда ол Қытайда шығарылған мопедті аңғармай қалыпты. Осылайша, мопед пен жеңіл көлік соқтығысқан. Zaz жүргізушісі мопедтегі жігіт дәрігерлер келгенге дейін қолында қайтыс болғанын жеткізді. Жедел жәрдем бригадасы кісі өлімінің тіркелгенін растады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.