Мал аштан қырылып жатқан өңірде 1,2 мың тонна шөп өртеніп кетті

292

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінің аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткенін мәлімдеді.

Келеңсіз жағдай 21 шілде күні сағат 20.20-да Жаңақорған ауданының Нәлібаев ауылында орын алған.


Ведомство мәліметінше, "Бақытжан" шаруа қожалығының аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткен. 


Тілсіз жау сағат 23:30-да ауыздықталып, 00:30-да сөндірілді. 


Өртті сөндіруге Жаңақорған ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері және бір техника, Жаңақорған ауданы Орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің 18 қызметкері және бір техника, ерікті өрт сөндіру құрылымының 4 қызметкері және бір техника, сондай-ақ 3 бірлік техникасы бар шаруа қожалығының 30 жұмысшысы қатысқан. 


Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін жеткізді. 


Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.