Атырауда бөгде біреудің атынан несие рәсімдеген павлодарлық ер адам ұсталды

294

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Атырау қаласында бөгде біреудің атынан несие рәсімдеген павлодарлық ер адам ұсталды.

Басылымның жазуынша, 24 шілде күні Атырау қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. 
Оның сөзінше, ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы белгісіз біреу 1 000 000 теңге несие рәсімдепті.


 Полиция интернет арқылы несие рәсімдеген адамның Павлодар облысының 31 жастағы тұрғыны екені анықтаған. 


Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша ("Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Осы орайда Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев мұндай қылмысқа барғандарға қандай жаза қолданылатынын еске салды. 


Оның сөзінше, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, ол белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге дейін айырлады. 
Немесе оған төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеледі, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.