ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, өзекті мәселелері туралы айтты.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылорда қаласы мен аудандарда салынуы тиіс бірқатар медициналық нысан құрылысына қажетті қаржы бөлу мәселесіне ықпал етуді сұрады. Мәселен, Қызылорда қаласындағы №4 және №5 қалалық емханалардың құрылысы шешімін таппай келеді. Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бөлімшелеріне модульдік жедел жәрдем станциясын салу қажет.
Ақмарал Шәріпбайқызы Қызылорда облысының медицина саласындағы жетістіктерді атап өтіп, аймақ басшысы көтерген мәселелер зерттеліп, шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Сыр өңіріне сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Жаңақорған, Шиелі аудандарына барды. Әрі қарай ведомство басшысы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, көпбейінді облыстық ауруханада сала қызметкерлерімен, "Достық үйінде" облыс халқымен кездеседі. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдайды деп жоспарлануда.
Қаз
Рус






