ЭКОАКЦИЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 545

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Облыс әкімдігіБүгін облыс әкімдігінде өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жалғастыру жоспары талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Таза Қазақстан» жай ғана маусымдық акция емес, халықтың экологиялық мәдениетін, тазалыққа, ең бастысы, тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мемлекет басшысы: «Қазақстанымыз таза болуы қажет. Бұл жұмыстар елорда және ірі қалаларда ғана емес, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылуы тиіс», – деп атап өтті. Осыған орай, акцияны жалғастырудың облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жыл соңына дейін үздіксіз жүретін болды.


Қазір Қызылорда қаласы аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының бөлінісі жасалды. Ол бойынша әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың қасбетін қалыпқа келтіру, көше, жол бойы тазалығын қамтамасыз ету, жол белгілерін түзету ұйымдастырылмақ. Облыстық басқарма басшылары өздеріне қарасты мекемелердің тазалығын, абаттандырылуын, қасбеттерінің талапқа сай болуын бақылауға алуы қажет. Барлық жұмыс бекітілген іс-шараға сәйкес сапалы атқарылуы тиіс.


Мәжілісте облыстық қоғамдық даму басқармасына экологиялық акция кезіндегі шараларды жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тапсырылды. Акцияға бюджеттік сала, кәсіпорындар қызметкерлері, өнеркәсіп мекемелері мен белсенді жастар ұйымдары, волонтерлар жұмылдырылуы тиіс.

Елді мекендердің көркеюі мен көгалдандырылуына, абаттандырылуына, санитарлық тазалығына, экоакцияның жоғары деңгейде өтуіне барлық мекеме біркісідей атсалысуы қажет екені ескертілді.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.