ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА КЛУБ АШЫЛДЫ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов Қазалы ауданы, Кәукей ауылындағы 100 орындық ауылдық клубтың жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары келді.
Мұрат Жолкелдіұлы мереке қарсаңында жаңа нысанның ашылуына жиналған жұртшылықты Жаңа жылмен құттықтады.
Жаңа клубта көрермен залынан басқа 11 бөлме бар. Ғимарат сұйық отынмен жылытылады. Мұнда 8 адам жұмыс істейді. Ауыл балалары ән, би, көркемсөз оқу, суретшілер үйірмелеріне қатысады.
Ескі клуб ғимараты 1984 жылы пайдалануға берілген, 2014 жылы апатты жағдайда болып танылған еді.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов бата беріп, сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қаз
Рус






