Қызылордада тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсірген тұрғын ұсталды

463

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордалық полицейлер тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсірген тұрғынды ұстады деп, хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала аумағындағы құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, өңдеу, өткізу, олардың жабайы өсу деректерін анықтап жою мақсатында аула аралық және үй аралық қарау жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара нәтижесінде бау-бақшалар мен үй-жайларда есірткі тұқымдас өсімдіктерді өсірудің дерегі анықталды.

Нақтырақ айтқанда, 32 жастағы қала тұрғынының жеке үйінің ауласында, 4 түп сораға ұқсас жасыл түсті хош иісті шөп тәріздес өсімдігін өсіріп тұрғаны анықталып, айғақ зат ретінде алынып, сараптама тағайындалды. Сараптама қортындысы бойынша жалпы салмағы 5 кг 548,12 гр сора өсімдігі екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігімен “Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.