ОБЛЫС ӘКІМІ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.
Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%-ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.
Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.
Қаз
Рус






