Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр елін Амал күнімен құттықтады

2 621

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚадірлі жерлестер!

Баршаңызды Амал күнімен құттықтаймын!

Көктемнің лебі сезілетін, елдің ырыс-ынтымағын, бір-біріне құрметін арттыратын айрықша мерекені жұртшылық асыға күтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Амал күні – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз» деп атап өтті. Адамдардың бір-бірімен cәлемдесуі, жасы үлкендерге кішінің ізет көрсетіп, ілтипат білдіруі – ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, бауырмалдықтың жарқын көрінісі.

Бүгін – «Амал келді! Жыл келді!» деп бір-бірін құттықтаған, бір дастарханнан дәм татқан ағайынның арасы жақындай түсетін күн. Бұл күн бізге туған жерімізді, халқымызды қадірлеуді, өткенді құрметтеп, бірлігімізді сақтап, болашаққа үмітпен қарап, сеніммен қадам басуға шақырады.

Жанашырлық, қамқорлық, мейірім сияқты асыл қасиеттер дәріптелетін, ұрпақтар сабақтастығы салтанат құратын Амал күні құтты болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғүмыр, бақ-береке тілеймін!Бірлігіміз бен ырыс-ынтымағымыз арта берсін!

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.