Қызылордада жастар бағдарламасымен жұмысқа тартылған 2 360 маманға жалақы төленбей келген

2 641

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіЖастар бағдарламасымен жұмысқа тартылған 2 360 маманға жалақы төленбей келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.


6 жұмыс беруші әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 


"Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді.", - деді Ризабек Ожаров. 


Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапқан.

Облысымыздағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым — «Абзал и К» серіктестігі де бар. Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған. Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды. 

Облыстық прокуратура осыған дейін Қызылордада іссапар шығынын өз шотына аударған бас есепшілер тергеліп жатқанын мәлімдеді.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.