Ұлы отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңге беріледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазір Қызылорда облысында екі ардагер тұрады. Әкімдіктің мәлімдеуінше, әлеуметтік жеңілдіктерден бөлек оларға тұрақты түрде тегін медициналық қызмет көрсетіледі.
Облыста Жеңіске сүбелі үлес қосқан ардагерлердің жесірлеріне де жәрдемақы төленеді. Соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек еткен бір жарым мыңнан астам адам есепке алынған.
Қаз
Рус






