Қызылордада 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдалану фактілері анықталды

2 727

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Су ресурстары және ирригация министрлігіСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов судың көлеңкелі айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша аппараттық кеңес өткізді. Кеңес барысында Қызылорда облысында алты шаруа қожалығының су ресурстарын заңсыз пайдаланғаны анықталғаны хабарланды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл вегетациялық кезең басталғалы бері өңірде рұқсатсыз алынған судың көлемі 2,3 млн текше метрден асқан. Бұл судың барлығы күріш алқаптарын суаруға пайдаланылған.

Өткен аптадағы аппарат отырысында Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарынан төрт жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл топтар Қазақстанның оңтүстік облыстарында суды заңсыз пайдалану фактілерін тексеріп қана қоймай, су үнемдеу, реттеу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу мәселелері бойынша мониторинг жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара ауданы прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтаған болатын.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.