Қызылордада көлік жылдамдығын бақылайтын «көзге көрінбейтін» камералар пайда болды

2 277

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаментіҚызылордада жылдамдықты бақылауға арналған «көзге көрінбейтін» камералардың пайда болғаны туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған ведомстводан хабарлағандай, департамент иелігіндегі арнайы белгілері жоқ қызметтік автокөліктерге жылдамдықты автоматты түрде анықтайтын «Ekin X-Spotter» атты құрылғылар орнатылды.

— Облыс орталығында жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісіне талапты күшейту мақсатында құқық бұзуды тіркейтін мобильді автоматтандырылған кешендерді пайдалана отырып, жасырын патрульдеу тәжірибесі қолданысқа енгізілді. Мұндай кешендерді қолдану халықаралық тәжірибеге сай келеді. Жасырын патрульдеу бірнеше мемлекетте кеңінен қолданылып, жол үстіндегі құқық бұзудың алдын алу бағытында тиімді құрал ретінде дәлелденді, — деді департаменттің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұратбек Манатов.

Тәртіп сақшылары осы орайда көлік жүргізушілерінен жылдамдықты асырмауды, тәртіпке бағынуды сұрайды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.