Қызылорда облысында қандай жолдар аса қауіпті екені белгілі болды

2 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚазАвтоЖол2025 жылдың алғашқы жартысында жол қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында Қызылорда облысында 144 164 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 81 209-ы – жол ережесіне тікелей әсер ететін өрескел жағдайлар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Тәртіп сақшылары мониторинг барысында облыс аумағында қандай жолдар көлік жүргізушілер үшін аса қауіпті екенін анықтады.

— Адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент тас жолының Қызылорда-Ақтөбе бағытында тіркеледі. Оның 566 шақырымы екінші дәрежелі болса, Қызылорда-Түркістан бағытындағы жолдың 541 шақырымы бірінші дәрежелі. Қайғылы жағдайларға осы себеп әсер етіп отыр. Сонымен қатар шетелдіктердің көбі транзиттік жолдарда ереже сақтай бермейді. Мысалы, есепті кезеңде 6 жол-көлік оқиғасынан 7 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алған. Оның арасында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары бар, — деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов.

Қызылорда-Ақтөбе аралығындағы республикалық маңызы бар жол арқылы тәулігіне шамамен 10 мың көлік өтеді. Соңғы бес жылда екі аралықты жол қылған көлік саны 79,4%-ға өскен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.