Бюджет қаржысының игерілуі тұрақты бақылауда болуы тиіс

2 268

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде бюджет қаржысын игеру, суармалы су тапшылығы, санитарлық тазалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мәселелері талқыланды. Оған қала және аудан әкімдері, сала басшылары қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Барлық макроэкономикалық көрсеткіштің орындалуы, бюджеттің, оның ішінде республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі қажет. Су тапшылығы жағдайында алқаптарды кезектестіріп суару, насостар арқылы қашыртқыдан суару жұмыстарын бақылауда ұстаңыздар. Өңірдегі туристік аймақтарды, демалыс орындары мен жол бойындағы сервистік нысандарды талапқа сәйкестендіріп, қызмет көрсету сапасын тұрақты бақылаңыздар. Әсіресе, демалыс орындары мен рұқсат етілмеген су айдындарында азаматтар мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек”,- деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, санитарлық-тазалық, сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды жүктеді.

Алдағы уақытта санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес орындалады. Мұның барлығы облыс әкімінің тікелей бақылауында болмақ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.