Шиелі ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

2 328

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Шиелі аудан әкімдігіМемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін аманаттықтармен Шиелі ауданында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Акция шеңберінде Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округіне қарасты, Ханқожа көлінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық акциясына аудандық партия филиалының консультанттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, Жастар рухының еріктілері мен белсенді жастар қатысты.

Тазалық - баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Осыған орай акция басталған уақыттан бері ауданымызда ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Алайда апта сайын жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, артынша қоқыстар пайда болып жатады. Біз осындай акциялар арқылы тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамыз.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30 - дан астам адам қатысып, нәтижесінде 15 қап көлемінде қоқыс шығарылды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.