Қызылордада қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық мекемелер бой көтереді

2 591

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzМемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған. Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар: магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.

Жобалар жүзеге асқан соң, ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.

- Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған, - делінген хабарламада.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.