Қызылордада мемлекеттік грантты 100-ден астам кәсіпкер мақсатсыз пайдаланған

2 394

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay.comҚызылорда облысында субсидияланатын жұмыс орындарының шынайылығына мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, 160 адам субсидияланатын жұмыс орындарынан босатылып, 193,1 млн. теңге бюджет қаражаты сақталып қалды. 

- Жалған табель тапсырып, жалақы төленген 6 адамнан 2,2 млн теңге бюджетке қайтарылды. Өткен жылы грант қаржысын алып, кәсіп ашқан 1 556 жеке кәсіпкердің бизнес жоспарының орындалуын тексердік. Нәтижесінде 104 кәсіпкердің 143,8 млн теңгені мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. 10 адамға төленген 6,7 млн теңге бюджетке кері қайтарылды. Порталда жалған есептілік ұсынған 94 адамның іс құжаты сот қарауына жолданды. Бүгінгі күні 75 адамнан 110,2 млн теңге грант қаражатын мемлекет пайдасына өндіру туралы сот шешімдері шығарылды, - деді басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев. 

Ал 19 адамға қатысты сот процесі әлі аяқталған жоқ. 

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова субсидияланатын жұмыс орындарының екі бағыты қысқартылатынын мәлім еткен болатын. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.