Аймағымызда алғаш рет бір күнде үш науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды

2 540

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіКөпбейінді облыстық ауруханада бір күнде үш науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалып, донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.

Ал үшінші пациент – 43 жастағы әйел, донор болған оның жұбайы.

Трансплантацияны көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD, Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының трансплантологтары Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.

Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдауда.

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 рет бауыр алмастыру отасы сәтті аяқталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.