“Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес“ - Тоқаев
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Арал мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Президент Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес екенін айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады.
Демек көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды.
Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет», — деді Президент.
Қаз
Рус






