Сырдария аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

2 598

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметіСырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сәкен Сейфуллин ауылдық клубы, Қалжан Ахун ауылдық амбулаториясы және балабақша жұмысымен танысты. Сәкен Сейфуллин ауылдық клубында мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жағдайымен, кітапхана және демалыс залдарының жұмысымен, сондай-ақ клуб қызметкерлерінің қызмет сапасымен танысты. Клубтың заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуы және санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді.

Қалжан Ахун ауылдық амбулаториясында медициналық қызметтердің қолжетімділігі, жабдықтар мен дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етілу, инженерлік желілердің жұмыс сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және дәрігерлер мен қызметкерлердің жұмыс жағдайына ерекше назар аударды.

Аудан әкімі сондай-ақ жергілікті балабақшаның жұмысымен танысып, бүлдіршіндерге арналған оқу және ойын бөлмелерінің жай-күйін, қауіпсіздік шараларының сақталуын, тәрбиеленушілерге көрсетілетін қызмет сапасын бақылады.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекеме басшыларына барлық мәселелерді дер кезінде шешу және нысандардың тиімді, қауіпсіз және қолайлы жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Нысандардың тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуі басты назарда болуы керектігін атап өтті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.