Қызылордада алғашқы "Құзыреттілік орталығы" ашылды

2 569

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © Оқу-ағарту министірлігіҚызылордада еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде құзіреттілік орталықтарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған. Жаңа нысан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес қауымдастығының өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға арналған заманауи алаңға айналмақ. Бұл орталық білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, кадр даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.

Екі қабатты, 1000 орынға есептелген ғимарат халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда студенттерді әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлік жарыстарына дайындауға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, орталықта сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, тәжірибе алмасу және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілмек.

Орталық қызметінің негізгі бағыты - жастардың практикалық дағдыларын дамыту. Заманауи зертханалар мен шеберханаларда білім алушылар озық технологияларды меңгеріп, нақты өндірістік жағдайларға бейімделеді. Бұл өз кезегінде олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашпақ.

Педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері де біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болады. Олар жаңа әдістемелерді игеріп, халықаралық тәжірибелерді оқу процесіне енгізе алады. Сондай-ақ, ғимарат ірі ауқымды іс-шараларды өткізуге бейімделген. Мұнда республикалық және халықаралық деңгейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер мен чемпионаттар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл алаң білім мен тәжірибе алмасудың маңызды орталығына айналмақ. Жалпы, жаңа нысан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға серпін беріп, жастарды еңбекке баулуда маңызды рөл атқарады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.