Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

2 542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 Фото:© Қызылорда облыстық ПДҚызылорда облыстық полиция департаментінің кинология орталығында 19 қызметтік іздестіру иті бар,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірі есірткіні, бірі жарылғыш затты іздеуге бейімделсе, енді бірі - кинологтардың із кесудегі, тағы бір тобы одорология және шабуылдау саласындағы көмекшілері. 

Иттердің көмегімен жыл басынан бері 83 қылмыс ашылды. Олар - негізінен есірткімен байланысты, ұрлық және тағы басқа қылмыстар. Криминалдық полиция саласында 21 қылмыс анықталса, соның басым бөлігі  бөтен мүлік ұрлығы. Қызметтік иттер есірткінің заңсыз айналымына қарсы 565 рет қолданылып, нәтижесінде 36 қылмыстық құқықбұзушылық әшкереленді. 1 келіден астам есірткі заңсыз айналымнан алынды. Одорологиялық іріктеу саласында 10 рет қолданылып, тең жартысында еңбек нәтижелі болды, - делінген хабарламада.

Фото:© Қызылорда облыстық ПДҚР ІІМ кинологиялық орталығында даярлық курсынан өткен кинологтар қалааралық бағытта қатынайтын автобустар қоймасын, әуежай, «Қазпошта» және автовокзал ғимараттарын тексеру барысында да қызметтік иттердің көмегіне жүгінеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.