Қызылордалық полицейлер оқу орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордалық полицейлер оқу орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтық, буллинг, ұрлық және сталкингтің алдын алу мақсатында оқушылар арасында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Кездесу барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерге интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің зияны, оның құқықтық салдары туралы айтылып, әрбір оқушының заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді.

👮🏻♂️Полицейлер оқушыларды құқықбұзушылықтан аулақ болуға, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және кез келген күмәнді жағдай туындаған кезде ата-аналар мен құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

📌Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фото: ©police_kyzylorda


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.