Қызылордада 14 жылдан кейін адам өлтіру қылмысы ашылды

1 726

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©ІІМҚызылорда облысында полиция қызметкерлері 14 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысын ашты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған.Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол есін жимастан көз жұмған. Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адам анықталып тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келді. Биыл тергеу-жедел тобы басты куәгерді анықтап, оқиғаның толық мән-жайы тізбектелді. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіге шыққан. Ол сол төбелеске қатысқан азамат болып шықты және басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан.

“Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Қызылордадағы тергеу изоляторына жеткізілді. Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазір күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды”, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.