Қызылордада «құқықтық тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді

1 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада «құқықтық тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді

🖌️Қызылорда облысының аумағында 18–21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шараның алғашқы тәулігінің қорытындысы бойынша облыс көлемінде 302 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Атап айтқанда, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес 1 дерек анықталды.

Сонымен қатар көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың 4 дерегі анықталды. Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес 24 құқық бұзушылық тіркелді.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті міндеттер жүктелді.

Іс-шараның қалған күндерінде анықталған кемшіліктерді жоюға, құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың жолын кесуге бағытталған жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.

📍Заң мен тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік негізі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.