ЖАҢАҚОРҒАНДА ЗАМАНАУИ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
ЖАҢАҚОРҒАНДА ЗАМАНАУИ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Жаңақорған кентіндегі «Саяжай» мөлтек ауданында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.
Аталған нысанның басты ерекшелігі – аудан тарихында алғаш рет заманауи үлкен жүзу бассейнінің бой көтеруі. Сонымен қатар кешенде жаттығу залдары, үстел теннисі алаңдары, спортшылар мен келушілерге арналған демалыс аймақтары және тамақтану орындары қарастырылған.
Жобаның жалпы құны – 650 миллион теңге. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 30-ға жуық жергілікті тұрғын
тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Бұл – аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды жоба. Сонымен бірге жаңа нысан ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына серпін беріп, спорттық инфрақұрылымның сапасын арттыра түспек.
Жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпкер Балғабаев Болат Ахмадбекұлына аудан әкімі жерлестері атынан алғысын білдіріп, туған жерге деген жанашырлық пен перзенттік парыздың жарқын үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.
Қаз
Рус






