АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Құрылтай сайлауына халықтың белсенділігі айрықша байқалуда. Ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Белсенді дауыс бергендер қатарында Қазалы ауданының спортшылары да бар.
Спортшылардың айтуынша, елдің ертеңі әр азаматтың таңдауынан басталады.
Сайлауға қатысу – азаматтық міндет. Спортта жеңіске жету үшін мақсат қойып, еңбек етсек, ел болашағы үшін де жауапкершілікті сезінуіміз қажет. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі күнге деген сеніміміздің көрінісі.
Аудан спортшылары елдегі тұрақтылық пен бірліктің нығаюын, жастарға спортпен айналысып, білім алып, өз қабілетін дамытуға мол мүмкіндік жасалуын тілейді. Олар осылайша елдік мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетті.
Ел болашағы жарқын болсын!
Қаз
Рус






