Қызылордада, пробациядағы тұрғын қыдыру үшін бақылау білезігін сындырып тастаған

2 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіПробация қызметінің талаптарын бірнеше рет бұзған Қызылорда тұрғыны электронды бақылау білезігін әдейі сындырып, пробациялық бақылаудан жалтармақ болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ол үш ай бұрын қалалық пробация қызметінің есебіне алынып, аяғына электронды бақылау білезігі тағылған.

— Сот жүктеген міндеттермен танысып, жазаны өтеу тәртібін сақтауға тиісті. Пробация қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізген. Алайда сотталған азамат белгіленген талаптарды орындамай, жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Осыған байланысты оған ескерту жасалған. Жуырда ішімдік ішіп, қыдырмақ болып электронды білезікті әдейі сындырып, үйіне тастап кеткен. Осылайша пробациялық бақылау талабын өрескел бұзып, бақылаудан тыс қалуға тырысқан, — делінген хабарламада. 

Бақылау құралын әдейі бүлдіру жазаны өтеу тәртібін бұзу ретінде қаралады. Қазіргі күні заңға бағынбаған азаматқа қатысты құжаттар сотқа жолдау үшін жинақталып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.