ҚАЗАЛЫДА «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» АЯСЫНДА СЕРПІНДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
ҚАЗАЛЫДА «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» АЯСЫНДА СЕРПІНДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
20 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленген бұл күн – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды халықаралық бастама.
Осыған орай бүгін Қазалы ауданында «World Cleanup Day» дүниежүзілік тазалық күні және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан»
экологиялық акциялары аясында барлық елді мекендерді қамтыған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа баба кесенесі аумағында өткен тазалық шарасына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, барша аудан тұрғындарын экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырды.
Бүгінгі ауқымды сенбілікке ардагерлер, жастар мен волонтерлер, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері және аудан тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында Әйтеке би кентіндегі Жанқожа баба кесенесі, Шалабай каналы, «Жасыл белдеу» аумағы, Жанқожа батыр, Қ. Ерімбет және Я. Михайлюк көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аумақтар қоқыстан тазартылып, бей-берекет өскен шөптер шабылып, тал көшеттері отырғызылды.
Аудан бойынша сенбілік жұмыстарына 134 мекемеден 1 427 адам және 16 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 17,3 тонна қоқыс полигондарға шығарылды.
Қаз
Рус






