АРДАҚ ИБРАИМОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛЫНДЫ

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

АРДАҚ ИБРАИМОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛЫНДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиын барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Ардақ Әбдіғаппарұлы Ибраимовтың жаңа қызметке тағайындалуына байланысты өңірдегі еңбек жолына қорытынды жасалып, әріптестері мен облыс активі атынан алғыс білдірілді.

Ардақ Ибраимов Қазақстан Республикасы Үкіметінің Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты Қызылорда облысындағы қызметін аяқтап, еңбек жолын жаңа бағытта жалғастыратын болады.

Облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы жиында Ардақ Ибраимовтың мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолына тоқталып, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы облысымызға басшылық жасаған кезеңде Жалағаш ауданындағы серпінді жобаларды іске асырудағы Ардақ Әбдіғаппарұлының еңбегін ерекше атап өту қажет. Алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді тиянақты орындады. Мемлекеттік қызметте сатылап өсіп, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған білікті маман ретінде өзін жақсы қырынан көрсетті», – деді облыс әкімі.

Жиын барысында Ардақ Әбдіғаппарұлының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және нақты жобаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі еңбегі атап өтілді.

Сондай-ақ облыс басшысы Ардақ Ибраимовтың әр жылдары атқарған қызметтерінде жинақтаған тәжірибесі жаңа лауазымында да нәтижелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Жиында Ардақ Ибраимовқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Бұл марапаттар оның аймақтың дамуына сіңірген еңбегінің бағасы ретінде табысталып, мемлекеттік қызметтегі қызметтік жолының маңызды кезеңдерінің біріне айналды.

Ардақ Әбдіғаппарұлы Ибраимов – мемлекеттік басқару, экономика, өндіріс және өңірлік даму бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған маман.

Ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша, ал «Болашақ» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазгермұнай» компаниясында инженердің көмекшісі қызметінен бастаған. Кейін мұнай және құрылыс салаларындағы компанияларда еңбек етіп, түрлі басқарушылық және жауапты лауазымдарды атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы барысында да бірқатар маңызды қызметтерді абыроймен атқарды. 2019-2023 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, қала әкімінің кеңесшісі, Белкөл кентінің әкімі, Қызылорда облысы әкімдігі іс басқармасының директоры, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әр лауазымда ол басқару ісінің қыр-сырын меңгеріп, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдады. Қала мен облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарындағы жұмыстарға белсенді араласты.

2023 жылдың қазан айынан бастап Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды үйлестірді.

Аудан басшысы қызметінде елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріс орындарының жұмысын жандандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарға басымдық берілді.

Жалағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардың орындалуына, жаңа бастамалардың қолға алынуына және әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешілуіне баса назар аударылды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстарды жүйелеу, жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсету және ауданның экономикалық әлеуетін арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Ардақ Ибраимовтың еңбек жолындағы тағы бір маңызды кезеңі – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жетекшілік етуі. Бұл қызметте ол өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, өндіріс саласын дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы міндеттерді орындауға атсалысты.

Өңірдегі өндірістік әлеуетті арттыру, кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай қалыптастыру және экономиканы әртараптандыру мәселелері де басқарма жұмысының негізгі бағыттарының қатарында болды.

Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мен әр саладағы еңбек жолы Ардақ Ибраимовқа өңірлік деңгейдегі басқару процестерін жан-жақты меңгеруге мүмкіндік берді.

Актив отырысында облыс басшылығы мен әріптестері Ардақ Әбдіғаппарұлына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Ардақ Ибраимов өз кезегінде Қызылорда өңірінде қызмет атқарған жылдары қолдау көрсеткен әріптестеріне, аудан және қала әкімдіктерінің қызметкерлеріне, облыстық басқармалар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғысын білдірді.

Ол мемлекеттік қызметтің басты міндеті – халықтың игілігіне қызмет ету екенін атап өтіп, туған өңірінің дамуына бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін жеткізді.

Енді Ардақ Әбдіғаппарұлы Ибраимов еңбек жолын Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында жалғастырады. Жаңа лауазымда индустриялық және инфрақұрылымдық даму бағытындағы жұмыстарға атсалысып, жинақтаған тәжірибесін ел көлеміндегі міндеттерді жүзеге асыруға бағыттайтын болады.

Қызылорда облысының активі Ардақ Ибраимовтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жауапты жұмысына табыс және жаңа бастамаларына нәтижелі еңбек тіледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.