Қызылордада 190 адам айлар бойы жалақысыз қалған: прокуратура 142 млн теңгені өндіріп алды

2 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда прокуратурасы жеке мектептің 190 қызметкеріне жалақы бойынша 142 млн теңге көлеміндегі берешекті толық өтетуге қол жеткізді, - деп  Opennews.kz  ақпарат агенттігі  KAZINFORM сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау кезінде қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төленетін ақшаның уақтылы әрі толық төленбеу фактілері анықталды.

— Соның салдарынан білім беру ұйымының 190 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқан. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде азаматтардың бұзылған еңбек құқығын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылданды. Нәтижесінде 142 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді, — делінген облыстық прокуратура мәліметінде.

Жыл басынан бері Қызылорда қаласының прокуратурасы 1 998 азаматтың конституциялық құқығын қорғап, 177,5 млн теңге өндіріп алды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.