Ақтаулықтар аядай пәтерін тауық қораға айналдырған көршісіне ашулы

502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАқтау тұрғыны екі бөлмелі пәтерін тауық қораға айналдырған. Аядай бөлмеде құс өсіретін азамат көршілердің шағымына құлақ аспауда. Тұрғындар үйінде тұншығып отырғандарын айтып, жанайқайын жеткізді.

"Жаман иіс шығады. Біз олай тұра алмаймыз. Оның бәрі улы ғой. Қаншама рет айттық, телефон соқтық, жауап бермейді", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Мария Ким. 

Тұрғындар пәтерінде күркетауық бағып отырған көршісіне көпқабатты тұрғын үйде құс ұстауға болмайтынын айтып бірнеше рет ескерту жасаған. Құзырлы орындарға да шағымданыпты. 

Алайда екі бөлмелі пәтерінде құс өсіретін 62 жастағы кейуана көршілерінің сөзіне құлақ аспайтын көрінеді. Жағымсыз иістен бөлек, пәтерлерде тышқан мен тарақан қаптап кеткен.

Тұрғындардың пікірінше, зиянкестер тауық қорадан шығып жатыр. Шыдамы таусылғандар ақыры полицей шақырған. Бірақ тауық өсіруші тұрғын тәртіп сақшыларына есік ашпай қойған. 

"№68 пәтер тұрғындарының айтуына қарағанда, ол үйде тауық асырап отыр. Бұл үйдің ішінен жағымсыз иіс шығатыны ауызша шағымда көрсетілген. Учаскелік инспектор шағымын қабылдап, хабарлама арқылы Ақтау қаласының әкімдігіне және "СЭС-ке" жолдады", - дейді Ақтау қаласы полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары Еркін Елеусізов. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.