Қызылордада құрттың ішіне есірткі салып кіргізбек болғандар ұсталып қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден, қолдан жасалған құрт ішінен есірткі шықты.
Бұл жайт Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тәркіленген.
"Мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде ол салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
Читайте также

Қаз
Рус





