Көпен Әмірбек дүниеден озды

294

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Белгілі журналист, сықақшы Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Көпен Әмірбек 1950 жылы Түркістан облысының Отырар ауданындағы Ешкіқора ауылында дүниеге келді.
ҚазМУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.


1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген.


"Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы.


Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты.


Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған.


"Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.