Жанар Айжанова немересін қырқынан шығарды

514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова немересін қырқынан шығарды. Жұлдызды шаңырақта орын алған қуаныштың видеосы жас ананың әлеуметтік желісінде пайда болған.


Айжұлдыз Адайбекова ана атанғалы желідегі оқырмандарына барынша ашылып, өмірінде болып жатқан әрбір сәтімен бөлісуге тырысуда. Бұл жолы жас дизайнер баласын қырқынан шығару дәстүрі қалай өткенін көрсетті. 


Ол Instagram парақшасында отбасылық жиыннан фото және видеоларды жариялап, желідегілерді қуантты. 


Желі қолданушылары жас ана мен оның баласын құттықтап, оларға өз ақ тілектерін жаудырған. 


"Балапан үлкен азамат болып өссін", "Дені сау болсын. Қайда барса жолы болсын", "Назаржан Алланың назарында болғай", "Әрдайым сіздің мақтанышыңыз болып жүре берсін", "Құтты болсын. Назардың алғашқы жеке мейрамы", "Қырқынан шығаратын уақыт болып қалды ма? Жақында ғана босанған секілді", - деп жазуда көпшілік. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.