Ажырасып кеткен Дәурен мен Ақбота бірге киноға түсті

498

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет ажырасып кеткен соң алғаш рет бірге бір жобада бой көрсетті. Бұрынғы ерлі-зайыптылар отандық телехикаяда ғашықтарды сомдап түскен.


Дәурен мен Ақбота "Мыстан" атты сериалда басты рөлдердің бірін сомдады. Бұл қос жұлдыздың ажырасып кеткен соң бірге түскен алғашқы туындысы болып табылады. 


Instagram желісіндегі парақшаларға телехикаяның экс-жұбайлар бой көрсеткен сәтінен үзінді тарап кеткен. Онда аяғы ауыр Ақбота Дәуренге өз өкпесін айтып жатқанын көруге болады. Актриса өзін тастап кеткен ғашығына шүйлігіп, базарда шу шығарған. 


Ажырасып кеткен ерлі-зайыптылардың қайтадан бірге түсірілімдерге қатысқаны көпшілік арасында қызу талқыға түсті. 


"Мұнда актерлік шеберліктің де қажеті жоқ секілді. Ақбота шынайы сомдап шыққан.Өмірде айта алмағанын өкпесін фильмде жеткізді", "Тағы қосылып кетер", "Фильмнен басталған махаббат", "Ажырасып кетсе де бірге сомдап шығу үлкен кәсібиліктің белгісі", "Екеуі енді қайтадан қосылып кететін секілді", "Ақбота жақсы ойнап шыққан. Дәуренге айтып тастады", - деп жазуда желідегілер. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.